Текст
«Жарсуат ауылының негізгі орта мектебінде» математика пәнінің мұғалімі Төлегенова Жұлдыз Тенльманқызының ұйымдастыруымен «Цифрлы Қазақстан-болашаққа батыл қадам» мектеп мұғалімдеріне арналған семинар өтті.Семинар барысында 8 сынып оқушылары Таукелов Ислам мен Аманжол Дана Эксел программасы туралы айтып берді.
6 сынып оқушылары powerpoint бағдарламасының кейбір құпияларымен бөлісті.
Ал пән мұғалімі Ж.Төлегенова Qr-кодты қалай жасауға болатыны жөнінде, және онлайн тест пад бағдарламасын қалай пайдалануға болатыны туралы, жасанды интелект арқылы фотоны сөйлету, Wordwall платформасы бойынша мастер –класс өткізді