2021 жылғы мемлекеттік қызметтер бойынша есеп.
1. Жалпы ережелер
1) қызмет беруші жөнінде мәліметтер:
«Ақмола облысы Білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімінің Жарсуат негізгі орта мектебі» КММ. Ары қарай «Жарсуат а. НОМ...» КММ. Заңды мекенжайы: Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Жарсуат ауылы, Б. Момышұлы көшесі 58.
2) мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
«Жарсуат а. НОМ...» КММ -де 8 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
2021 жылы «Жарсуат а. НОМ...» КММ-мен 8 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы - 0 қызмет;
электрондық нұсқада -0;
қағаз түрінде-8 қызмет.
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетілді.
3) неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»;
«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну»;
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау».
2. Қызмет алушылармен жұмыс:
1) Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары жөнінде мәліметтер.
Мемлекеттік қызмет алушылар үшін мектептің ақпараттық стендтерінде мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоғамдық талқылаулар туралы ақпарат.
Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын қоғамдық талқылау «Жарсуат а. НОМ...» КММ сайтында жүзеге асырылады. Мектеппен нормативтік-құқықтық актілер әзірленбеді.
3) мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).
2021 жылы «Жарсуат а. НОМ...» КММ – де мектептің ғаламтор-ресурсы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізілді.
3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
1) Мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерістерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру мақсатында «Жарсуат а. НОМ...» КММ Аkmola.kz. бірыңғай ақпараттық жүйесінде жұмыс істейді. Жүйеде 2 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылуда.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
«Жарсуат а. НОМ...» КММ -де қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген және мемлекеттік қызметтерді 1 қызметкер көрсетеді.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.
1) Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
2021 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша шағымдар түскен жоқ.
2) мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.
2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері бұзылған жоқ.
5. Мемлекеттік қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын және одан әрі тиімділігін арттыру.
2022 жылы «Жарсуат а. НОМ...» КММ жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.
Мектеп директоры Г. Отыншеева
Орынд. А. Абуталипова
Тел.5-21-67