2017-2018
оқу жылындағы «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиынының сценарийі
«Білімді ел мәңгі ел»
Жарсуат негізгі мектебі
Жоспары:
1. Сапқа тұрғызу
2. ҚР мемлекеттік туын енгізу
3. ҚР әнұраны
4. Мектеп директорының құттықтауы, ауыл әкіміне ж/е т.б
8. Ата - аналар атынан құттықтау сөз
9. ҚР мемлекеттік туын шығару
10. Қорытынды сөз
11. Оқушыларды мектепке кіргізу
Уақыты: 10. 00
Сыныптар: 0 - 9 сыныптар
9. 30 – Музыка жіберу
9. 50 – Сапқа тұрғызу
10. 00 – фанфары жіберу
Мектеп алаңын дайындау, шарлар, жалаушалар ілу
Жүргізушілер:
1 - Жүргізуші:
Мектеп деген білім күні, жыр күні
Мектеп деген ғылымның ең үлкені
Мектеп деген тәрбиеші адамға
Мектеп деген даналардың мекені
2 - жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата - аналар, аяулы оқушылар! Бүгінгі сағынышқа,
шаттыққа толы «Алғашқы қоңырау» мерекелеріңіз құтты болсың!
1 - Жүргізуші:
Жаңа Конституция
негізіне адам мен азамат құқықтары, олардың еркіндігінің үстемдігі, Қазақстанда
күшті мемлекет құру жайы алынған. Ол қоғамдық дамудың қазіргі үрдістеріне
толығымен сәйкес келеді, тіпті одан да озық.
2 - Жүргізуші:
2017 жыл тарихқа Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 жылдығы жылы болып
енеді.
1 - Жүргізуші:
Бүгінгі Жарсуат негізгі мектебінде 1 -
қыркүйек білім күні мерекесіне құрметті қонақтарымыз қатысып отыр:
Байдалина
Б.А.-зейнеткер ұстаз.
2 - Жүргізуші:
Сәлем, саған мектебім,
Алғыстарым көп менің.
Оқу, білім, тәрбие
Ой - санама еккенің.
бастап апарады
2 - Жүргізуші
Бірінші қыркүйек күні мен
Аңқыған жұпар гүлімен
Келіп ем, қарсы алды мектебім
Сүйкімді қоңырау үнімен
1 - Жүргізуші:
Бірінші қыркүйек білім күніне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп
жариялаймын!
2 - Жүргізуші:
1. ҚР гимн
1 - Жүргізуші:
Жаңа оқу жылымен сіздерді Жарсуат негізгі
мектебінің директоры Анапина Л.С.
құттықтайды.
2 - Жүргізуші
Ата - ана болу үлкен сын
Бала өсіру ұлы өнер
Жақсылардың соңынан
Жарқын қыз бен ұл өрер
Ән «Учать в школе» орындайтын 9 сынып оқушылары
1 жүргізуші:
Қоңырау сыңғырла, асыға
Үн қосқан қиядан асуға
Білім ал, еңбек ет жас ұлан
Өрле сен биiк шың басына.
Қоңырау үні сыңғырлап,
Естілді жылы жаныма
Күлкідей әсем сылдырлап
Бөбекті жиды маңына
2 жүргізуші:
Соғылсын қоңырау, соғылсын,
Сыңғырла мәңгілік сыңғырла.
Толқыған жүректер тоғысын
Толтырып бір арна, бір жырға.
Шаттықтың үніндей мәңгілік
Соғылсын қоңырау, соғылсын,
Қуаныш әніндей жаңғырып
Жүректер ақ нұрға соғылсын.