«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жарсуат ауылының негізгі орта мектебі» КММ
КГУ "Основная средняя школа села Жарсуат отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

25 мая последний звонок

26.05.2017

«Құлақтан үнің кетпестей,

Сыңғырла, соңғы қоңырау!»


1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен

оқушылар!

2-жүргізуші: Қайырлы күн, қадірлі ата-аналар мен

қонақтар!

1-жүргізуші: Өзіңменен өлшеусіз нарқым менің,

Асқар тау, арқа тұтар алтын белім.

Ұядан ұрпағыңды ұшырмаққа

Қош келдің, айналайын, халқым менің!


2-жүргізуші: Кеше ғана тұлымдары желбіреп,

жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздарымыз ойы толып,

бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасқалы отыр.

1-жүргізуші: Жас жүректің өмірлік құштары гүл,

Бағбан ұстаз баулыған құстары бұл.

Қоштасып бүгінгі күн ұясынан,

Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр, - деп алтын

ұя

мектебінің табалдырығынан үлкен өмірге ұшқалы

отырған мектеп бітіруші түлектерімізді құрметтеп ортаға шақырамыз. Қарсы алыңыздар!

(Музыка әуенімен ортаға бітіруші түлектер

шығады)

Алдарыңызда 9 сынып оқушылары. Сынып жетекшісі

2-жүргізуші: 2016-2017 оқу жылының

аяқталу құрметіне арналған

«Құлақтан

үнің кетпестей,

Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты

жиынымызды ашық деп жариялаймыз.

2-жүргізуші: Батырлыққа уызынан жарыған

Ер қазақты жалауынан таныған.

Өзі батыр, өзі әнші халыққа

Жарасады жігер берер әнұран.

Қазақстан Республикасының әнұраны орындалсын.

1-жүргізуші: Қазекем қонақ десе көсіледі,

Мұндайда жай түйіні шешіледі.

Ақ тілеулі ырыс қой қонақ деген

Өзімен ала келер несібені. – демекші бүгінгі

салтанатты жиынымыздың қадірлі қонақтарымен таныс болыңыздар:

1.

2-жүргізуші: Бүгінгі күн ардагер ұстаздарымыз да

ортамызда:

1.Байдалина Батима Әйтеновна

1-жүргізуші: Биылғы соңғы қоңырау мерекесі тарихи оқиғаларға толы тұста өткелі

тұр:

Бұл жыл - Қазақстан Республикасының

Тәуелсіздігінің 25 жыл толуымен ерекшеленеді.

Бұл жыл – Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан

халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық

бәсекеге қабілеттілік»! атты Жолдауы

жарияланған жыл. Және

бұл жыл ЕХРО -2017 жыл көрмесі өтеді.

2-жүргізуші: Ажырамай мектептен бір

елі сіз,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.

Сөз берелік құрметпен өзіңізге,

Шәкірттерге арналсын тілегіңіз, - дей отырып,

соңғы қоңырау салтанатының алғашқы құттықтау сөзі мектеп басшысы Анапина Лязат Серикбайқызына беріледі.

1-жүргізуші: Арман ойлар жеткізбеген аңсаған,

Қайрат-күшін қажыта алмас қарсы ағын.

Өмір теңіз толқындарын көргенде

Асыл аға тілегіңді аңсармын, - демекші бүгінгі

салтанатты жиынымыздың құрметті қонақтарына сөз береміз:

1.

2.

3.

2-жүргізуші: Арман Дүйсеновтің әні: «Ұстазым » 9 сынып оқушылары

1-жүргізуші:

Абзал жандар биік тұлға байсалды,

Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.

Түлектерге жарқын тілек білдіріп,

Құттықтайды оқушылар баршаңды, - деп,

құттықтау кезегі 3 сынып оқушыларына беріледі.


2-жүргізуші: Жақсы шәкірт азамат атанады,

Халқынан ата-анадан бата алады.

Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,

Ортаға шақырайық ата-ананы.

Сөз кезегі құрметті де қадірлі ата-аналарымызға сөз береміз.

1.     Ибраева Бибинур Сериковна және

Ахметжанова Галия Казбековнага

1-жүргізуші:

Әлі есімде әліппені ашқаным

Есіміңді есте мәнгі сақтадым

Жүрегіме нұрын құйған жылылық

Көрген емес ешқашанда суынып –деп,

түлектердің алғашқы ұстазы ұстазы  Ибраев Айдынғали Тасыбаевич ұлына сөз береміз.

2-жүргізуші: Жиынымыз өтіп жатыр салтанатты,

Төгілген күн нұрының шапағаты

Мың бұралып бишілер би билейді,

Халайық қол соғыңыз мархаббатты, - демекші,

мектебіміздің биші қыздарының орындауындағы «Қазақ биін» қабыл алыңыздар!

1-жүргізуші: Ұрпақсыз шәкірттерге бақ келген бе?

Бапкерсіз тұлпарларға бап келген бе?

тоғыз  жыл сыныбы үшін

жанын салған,

Сөз кезегі - жетекші бапкерлерде деп, келесі сөз

кезегі ұлағатты ұстаз, түлектердің сынып жетекшісі -------------беріледі.

2-жүргізуші: Бүгінгі күн – алтын ұя мектебін

бітіріп, қияға қанат қағатын жас түлектер үшін ең бір қымбат, ең бір қимас, ең

бір ұмытылмас жүрек тебірентерлік сәт!

1-жүргізуші:

Мектеп маңы толыпты жарасымға,

Ізгілік те, мейірім бәрі осында.

Өмірге қанат қақты жас өрендер,

Асыл арман гүл атып санасында– деп жүректері

лүпіл қаққан,қимастық пен қуаныш,аңсау мен арман сезімдері араласқан,осынау

сәтте шәкірттік сәттің соңғы,өмір жолының алғашқы қадамында тұрған жас

түлек,ендігі сөзді сендерге береміз.

(9-сыныптардың мерекелік бағдарламасы: Өтенов Ернар -

құттықтау сөз; Ән «Ұстазым менің

 2-жүргізуші:

Алдарыңнан арман жолы ашылады.

Түлектерге бақыт гүлі шашылады.

Қимастықпен 9-дің

алтын кілтін

Ізін басар сыныпқа тапсырады, - деп,

білімнің алтын кілтін бітіруші түлек,  Ибраева Айгерим

8-сынып

оқушысы, Ибраева

Айнұрға тапсырады.

(Музыка әуенімен)

1-жүргізуші: Соңғы қоңырау.

Қымбатты мектеп бітіруші түлектер!

Алғаш қолыңа гүл шоғын алып, мектеп табалдырығын

аттағаннан бері 20 мыңнан аса қоңырау үнін естідіңдер.Ал бүгінгі қоңырау үні

ерекше. Ол мектеппен қоштасар соңғы қоңырау. Ол балалық шақтың өмір белесіне

асыратын қоңырау.


Гүлдерге толы омырау,

Өмірде жоқ қой тоқырау.

Қимастық сезім оятып,

Соғылсын соңғы қоңырау.


2-жүргізуші: Соңғы қоңырау соғу салтанаты 9 сынып оқушылары

Ахметжанов Исатай және Ибраева

Айгерим /Қоңырау соғылады, дүр - дүрс соққан жүрек лүпілі

естіліп тұрады/

1-жүргізуші: Көгершіндей самғаңдар, түлектерім,

Орындалсын өмірде тілектерің.

Үнімен соңғы естіген қоңыраудың.

Дірілдеді - ау ерекше жүректерің.

2-Жүргізуші:

Бұл соңғы қоңырау үні... Балалықпен қоштасу,

үлкен өмірмен қауышу үні.

Өмірде ілбіп, тек көшпей,

Жүретін сергек жол мынау.

Құлақтан үнің кетпестей,

Сыңғырла, соңғы қоңырау,

Сыңғырла, соңғы қоңырау! – деп мектеп түлектерін

жаңа өмір баспалдағына шығарып саламыз.

1-жүргізуші: Қоштасады алтын ұя мектебің

Маңдайыңнан сипап өтер көкте күн.

«Сәт - сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз

Тілейміз біз армандарға жеткенін - дей келе,

Жаңа өмірлеріңізге ақ жол, сәт сапар тілейміз!


1-жүргізуші: Осымен 2016-2017 оқу

жылының салтанатты соңғы қоңырау жиынын жабық деп жариялай отырып, жазғы

демалысты жақсы өткізіп, келесі оқу жылында амандықпен жолыққанша сау-саламатта

болыңыздар.

 

 

 

 

 

1-оқушы: Табылған балапан ем ұядағы,

Қырандай жетілдірдің қиядағы.

Ұстазға деген ыстық сағынышым,

Бір әнге қалай ғана сыя алады.

2-оқушы: Өнердің мен білмейтін

қапталдарын,

Жаныма сіңіргенше тоқталмадың.

Алдымнан шықты бүгін қолын бұлғап,

Қанша жыл қиялдаған тәтті арманым.

3-оқушы: Мектебің – алтын ұя

жарқыраған,

Ұстазың – бұлақ көзі сарқыраған.

Шыңдалып, шыңға қарай қанат қақтың,

Шарықта, жас қыраным, ақ жол саған.

4-оқушы: Орындалсын аңсап жүрген

арманың,

Арайланып атсын нұрлы таңдарың.

Туған елдің көк байрағын көтеріп,

Биіктерден көріне бер, саңлағым! 5-оқушы: Ардағым деп қуанады ел саған,

Тарланым деп табынады жер саған. Болашақтың бар тізгіні сендерде, Сенім артар

азаматым, болшы аман! 6-оқушы: Ақ көңіл ұстаздарым, адал ниет, Жандарың

жадырасын, жасымасын. Қайда да шәкірттерің жүрер сүйеп, Қиындық басқа түссе қасымдасың



Просмотров: 404


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст