«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жарсуат ауылының негізгі орта мектебі» КММ
КГУ "Основная средняя школа села Жарсуат отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

8 наурыз

09.03.2017

Тақырыбы: Ана - өмірдің

шуағы.


Мақсаты:

Ана - өмірдің шуағы, ана - өмір гүлі, анаға тек ұлылық тән екенін ұғындыру.

Анаға деген бала махаббатын ояту: Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген

сүйіспеншілігін арттыру. Оқушыларды аналардың еңбегін бағалай, құрметтей білуге

тәрбиелеу.

Көрнекілігі: көріністер, әндер, суреттер, ойынға

қатысты көрнекіліктер, буклет. Плакатқа жазылған нақыл сөздері.

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сахна төріне

тұрғызу.


1 - жүргізуші: Құрметті асыл аналар, әжелер мен

қыздар!

Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің

барлық жерінде тойланатын

8 - наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын

жүректен құттықтаймыз.


2 - жүргізуші: Сіздерге әлемнің нұрын, өмірдің

гүлін, көктемнің шуағын тілейміз. Мына жарық дүниенің мәні де, сәні де

сіздерсіздер!


1 - жүргізуші: Ананың тілегі, ананың жүрегі,

ананың махаббаты, ананың ыстық құшағынан қасиетті ештеңе жоқ. Ең ыстық күннің

нұры да, ананың шапағат мейіріміне жетпейді.


2 - жүргізуші: Анаңды Меккеге үш рет арқалап

барсаң да, қарызын өтей алмайсың.


1 - жүргізуші: Иә, дұрыс айтасың. Біздің

әрқайсымыз үшін өмірдегі ең жақын, ең әзиз жан ол – анамыз.


2 - жүргізуші: Бүгінгі 8 - наурыз – аналар

мерекесіне арналған «Ана - өмірдің шуағы»

атты мерекелік кешімізді ашық деп жариялауға

рұқсат етіңіздер! Барлық өнеріміз аналар сіздер үшін.


1 - жүргізуші: Бүгінгі мейрамда көктемдей көңіл

сыйлайтын оқушыларымыздың аналарға арнап жазған өлең шумақтарын қабыл

алыңыздар.  (0-9сынып оқушылары)


2 - жүргізуші:

Құлақтан кіріп, бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, меніңше сүй, – деп, Абай атамыз

айтқандай оқушымыздың орындауындағы «Ана

туралы» әнін, қабыл

алыңыздар.


Ән: 7

сынып оқушылары


2 - жүргізуші:

Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек.

Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп,

Иықтан шашып, төгіліп жерге,

Күмісті шашбау, жарасып белге – демекші, ендігі

кезекте қазақтың «Қазақ биі», қабыл алыңыздар.


Би «Қазақ биі» Абжанова Анара


1 - жүргізуші:

Дүние ойдан шығалы,

Өзімді өзім ұмытып.

Көңілім әнді ұғады,

Жүрегім бойды жылытып, – дей отырып, ендігі

кезекті әнге берейік.


«Анашым» әні  5 сынып оқушылары


2 -

жүргізуші:

Ойын «Ананың алақанын сипап сезу» Үш баланың

көздерін жауып байлаймыз. Аналардың орны ауысқаннан кейін, балалар көздері

байлаулы күйде барлық аналардың алақанының арасынан, өз анасының алақанын сипап

сезу арқылы табу керек.


1 - жүргізуші:

Мерекеге арналады бүгін билер.

Көтерілсін, қанекей, көңіл күйлер.

Алдарыңызда қазіргі үнді биі,

Таң қалдырып қанекей би билеңдер, – демекші, ендігі

кезекте би, қабыл алыңыздар!


«5 Сынып оқушылары»


2 - жүргізуші:

Ана ол біздің елде ардақты адам,

Кішісі де, үлкені де ардақтаған.

Өзінің аяулысы да Отанын да,

«Ана» деп біздің халық текке айтпаған, – деп

кезекті көрініске береміз.

7 сынып оқушылары


Көрініс

«Әжесі мен немересі» «Дүниеде не қымбат?»


Немересі: - Әже деймін, әже,

Сұрақ қойғым келеді сізге.

Мен түсінбейтін бір жәйт бар.

Түсіндірші соны бізге.

Бірінші сұрағым сізге:

Дүниеде не қымбат?

Әжесі: - Адам қымбат, қалқам.

Немересі: - Адамға не қымбат?

Әжесі: - Бала қымбат, қалқам.

Немересі:- Балаға не қымбат?

Әжесі: - Ана қымбат, қалқам.

Немересі: - Иә, десеңші әже!

Түсінбеппін осы жайды.

Тағы бір сұрағым бар сізге,

Қатты мен жұмсақ жайлы.

Әжесі: - Сұрай ғой, қалқам. Не

сұрасаң да жауап берейін.

Немересі: - Әже дүниеде не тәтті?

Әжесі: Ананың сүті тәтті.

Немересі: - Дүниеде не қатты?

Әжесі: - Атаның жүрегі қатты.

Қарағым, сауал қойдың көп маған.

Бір ақыл айтайын саған

Тату болса – ағайын жақын,

Ақылшы болса - апайың жақын.

Бауырмал болса - інің жақын,

Алдыңа тартқан адал асың,

Қимас жақын қарындасың.

Немересі:- Түсіндім, әже. «Дүниеде не қымбат

екенін?» енді мен айтайын:

Алтын ұяң - Отан қымбат,

Құт берекең - атаң қымбат.

Аймалайтын - анаң қымбат.

Мейірімді - әжең қымбат.

Асқар тауың - әкең қымбат.

Бәрінен де ұят пенен ар қымбат!


2 - жүргізуші:

Ойын

«Жылы сөздер». Аналар өз балаларына берілген әріптерден басталатын жылы сөздер

айтады.

1 - жүргізуші: Ал ендігі құттықтау сөзін мектебіміздің кітапханашысы

Атабай Роза Мүбаракқызының құттықтауын қабыл алыңыздар!


1 - жүргізуші:

Жан анам, құттықтаймын мереке күніңмен,

Көктемнің құлпыра бер нарт гүлімен.

Өрлесін елдің берген бақыт бағы,

Жазбасын шат көңілін ақ күніңмен, – деп, ендігі

кезекте «Әлемнің жарығы» әні,

қабыл алыңыздар!

7 сынып оқушылары


2 - жүргізуші: Ардақты, аналар, әжелер мен

апалар! Сіздерге осынау мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін. Сөз кезегін

мектеп директоры және зейнеткер ұстазымыз Батима Әйтеновна және  ауыл әкіміне сөз берейік.


1 - жүргізуші: Деңдеріңізге саулық, бала-шағаларыңызға

амандық тілейміз. Жүздеріңізден күлкі қуаныш пен шаттықтың нұры кетпесін.

Еңбектеріңіз табысты болып, шаңырақтарыңызға құт – береке дарысын! Аспанымыз

ашық, мемлекетіміздің іргесі берік болсын

 

 

 

 

 

Просмотров: 253


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст