Жарсуат негізгі мектебінде өткен жалпы
мектептік ата-аналар жиналысы.
ХАТТАМА №1
15.02.2017 ж
Жиналысқа қатысуға тиісті: 21
Қатысқаны – 20
Қатыспағаны -1
Себептісі – 1
Күн
тәртібінде келесі сұрақтар қаралды:
1. «Синий
кит», «Тихий дом»атты жасөспірімдер арасында өзіне-өзі қол жұмсау туралы
ойындары туралы ақпарат.Тәрбие жұмысының орынбасары Г.Ө.Баязитова.
2. «Жасөспірімдер
арасындағы зорлық пен өз өзіне қол жұмсау» - әйелдерді зорлықтан қорғау бойынша
мектептің психологі А.С.Ахметжанова
баяндама
Бірінші
сұрақ бойынша тәрбие жұмысының орынбасарыГ.Баязитованы тыңдалды.
Ол кәмелетке толмағандар арасында өз өзіне қол жұмсауда бұл қауіпті ойын. Тапсырмалары : қолыңа
өткір пышақпен сини кит, тихий дом деп жазу, тамырыңды кесу.
Бұл ойынды "САТАНИЗМ" сектанттары
шығарған. Яғни, өлім - жұмаққа апарар жол, өлім - проблемадан құтылу, өлім -
тыныштық орнату деген сияқтыларға сенетін, санасы уланған адамдар шығарған.
Бүгінде Қазақстандықтардың 180-і ойын ойнап
жатыр, 82-сі өз-өзіне қол жұмсады. 44-і аман қалды. 18-і жан сақтау бөлімінде.
12-сі қайтыс болды. 8-і мүгедек болды.
: Құрметті, ата-ана! VK, lnstagram, Facebook
және т.б. әлеуметтік желілерде балалардың өміріне қауіп туғызатын ойын түрлері
таратылуда. Сізден балалардың өмірін сақтау мақсатында оның бос уақытта немен
айналысатынын қатаң қадағалауға алуыңыз сұралады. Желіде тіркелген ойын түрлері:
"Море китов", "Разбуди меня в
4:20", "Тиxии дом", "Я в игре", "50 дней до моего
самоубийства", "Дай мне инструкции", "Беги или умри"туралы айтты.
Екінші
сұрақ бойынша мектептің психологі А.С.Ахметжанова.
тыңдалды.Ол «Жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің алдын алу» баяндама оқыды.
Отбасындағы тәрбие
түрлері мен олардың баланың жеке тұлғасына әсер етуі туралы айтты, ата-аналар
арасында сауалнама жүргізді
Қабылданды:
Бірінші сұрақтың шешімі:
Әр ата-ана үнемі баламен психологиялық байланыста болуы
керек.
Отбасындағы қарым қатынасқа байланысты баланың жеке
тұлғасының мінезі қалыптасады. Ата-аналар баладан ойлы тәртіпті талап етуі
қажет, олардың сұраныстарына жауапкершілікпен қарау керек.
Екінші сұрақтың шешімі:
Ата-аналар
өз балаларының психикалық және физикалық денсаулығын бақылау қажет. Қыздардың
репродуктивтік денсаулығын сақтауды бақылау керек, оқушының күн тәртібін сақтау
қажет, дене шынықтыру және спортпен айналысу керек, СӨС сақтау қажет.
Ата-аналар
отбасылық құндылықтарды күшейту, тәрбие стилін қалыптастыру қажет. Балалармен
жылы қарым қатынас жасау, бақылауды жоғары деңгейде жүргізу қажет.