Текст
Мектебіміздің оқушылары мен ұстаздары республикалық, облыстық онлайн блиц-турнир байқауларына қатысып, жүлделі І, ІІ орындарға ие болды. 8 сынып оқушылары Смағұл Алдияр, Сағындық Ақторғын , Аллаберген Аружан қазақ тілі және әдебиеті пәнінен І дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Смагул Ж.К оқушыларды белсенді қатыстырғаны үшін Алғыс хатпет марапатталды. Ағылшын тілі мұғалімі Баязитова Г.О. республикалық ғылыми-әдістемелік сайтында қткен "Ауа райы және климат " тақырыбында сабақ жоспарын жариялап, сертификатпен марапатталды. Бастауыш сынып мұғалімі Шарипова А.Ш. республикалық "Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" блиц-турниріне қатысып, жүлделі І дәрежелі дипломмен марапатталды.